Ықпалды парламенттің пайда болуына негіз қаланып жатыр – Айдын БИКЕБАЕВ, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы

Ықпалды парламенттің пайда болуына негіз қаланып жатыр – Айдын БИКЕБАЕВ, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы

Ықпалды парламенттің пайда болуына негіз қаланып жатыр – Айдын БИКЕБАЕВ, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы
ашық дереккөзі
– Референдумда «иә» деп да­уыс беруге төрт себеп бар. Біріншіден, Тұңғыш Пре­зи­дент­тің және оның отбасы мүше­лері­нің өкілеттіктері мен ерекше ар­тықшылықтары Конституция­дан алынып тасталады, соның ішінде оның қайтадан президент болу құқығы алынып тасталады. Екін­шіден, ықпалды Пар­ла­мент­тің пайда болуына негіз қаланып жа­тыр. Жаңартылған Консти­ту­ция­ға сәйкес, Мәжіліс депутат­тары­ның бір бөлігі бір мандатты округ­тер бойынша сайланатын бо­лады, саяси партияларды тір­кеу­ге қойылатын талаптар ай­тар­лықтай төмендейді, Президент қан­дай да бір партияға мүше бол­майды. Мұның бәрі саяси бә­секелестіктің артуына алып ке­леді. Нәтижесінде, Парламентте мық­ты және жарқын тұлғалар, сон­дай-ақ жаңа партиялар пайда бо­лады. Депутаттар бұрынғыдай «су­перпрезиденттің» алдында емес, өз сайлаушыларының ал­дын­да жауапты болады. Бұл пікір ке­лесі сайлаудың әділ әрі шынайы өте­тініне негізделген. Супер­пре­зи­денттік билік әділетсіз сай­лау­дың арқасында ғана құрылып, жү­зеге асты. Келесі жолы халық та, билік те алдауға жол бер­мей­ті­ніне сенімдімін. Үшіншіден, сая­­си бә­секелестікті күшейту есе­­бінен Үкімет және мемлекеттік орган­дар­дың барлық басшысы Парла­ментке нақты есеп беретін бола­ды, өйткені депутаттар өздерінде бар өкілеттіктерді барынша пай­да­лана алады. Олар шын мәнінде де аз емес. Заңдар қабылдаудан, рес­­публикалық бюджет пен үкі­мет­тік есепті бекітуден басқа, Пар­ламент мемлекеттегі барлық не­гізгі лауазымдар бойынша та­ғайындаулар мен орнынан алу туралы шешімдерді қабылдауға қа­ты­сады. Бұл Премьер-Министр­дің, министрлердің, Жоғарғы Сот пен Конституциялық Соттың төрағалары мен судьяларының, Бас прокурордың, ҰҚК, Ұлттық банк, Жоғарғы Сот кеңесі, Жо­ғары аудиторлық палата төра­ға­лары­ның және ОСК мүшелерінің орын­дарына қатысты. Осылайша, жауапты Үкімет болады. Төртіншіден, Конституция­лық Сот енгізіледі, оған азаматтар өздерінің конституциялық құ­қы­ғының бұзылғаны туралы ша­ғыммен тікелей жүгіне алады. Бұл сот­тың құрылуы Президенттің, Үкі­меттің және Парламенттің ше­шімдеріне әсер ете алатын би­ліктің сот тармағын күшейтеді. Мұ­ның бәрі, әрине соттың қандай өкілеттіктерге ие болатынына және судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері қаншалықты нақты болатынына байланысты. Қазір бұл сот туралы заң жобасы әзір­лену­де, мен кіретін жұмыс тобын­да қызу пікірталастар жүріп жа­тыр. Республикалық адвокаттар алқасы Конституциялық Сот су­дьяларының қайтыс болған, сот­тың айыптау үкімі күшіне енген немесе әрекетке қабілетсіз деп та­нылған жағдайларды қоспа­ған­да, олардың өкілеттігін ешкім тоқ­тата алмауын талап етеді. Бұл сот­тың тәуелсіздігі – билікті еш­кім тартып алмайтынының және азаматтардың конституциялық құқығын ешкім жазасыз бұза алмайтынының кепілі.