Қуат Хамитов мәлімдеме жасады
Қуат Хамитов мәлімдеме жасады
Қазақстандық белгілі аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ММА-ге оралатынын айтты. Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Спортшының айтуынша, жарақатына қарамастан ол өзін жақсы сезінеді, бұрынғыдай көздерінде от пайда болған.
«Қымбатты достар, үлкен спортқа оралатынымды ресми хабарлағым келеді! Қазір жарақатым бар, бірақ, көзімдегі от өшкен жоқ, сондықтан айқасқа шығуға дайынмын. Әлі де бес жыл жұдырықтасуға шамам келеді деп есептеймін, осы себепті өзім үшін осындай шешім қабылдадым. Бұл оңай болған жоқ... Қолдау білдіргендерге тағы бір алғысымды айтамын, біз ораламыз», - деп жазған спортшы.Еске салсақ, осы жылдың қаңтарында ол маңсабын аяқтайтыны туралы шешім қабылдаған еді.