Жаңалықтар

Дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған баланы аман алып қалды

ашық дереккөзі

Дәрігерлер қолын ет тартқышқа турап алған баланы аман алып қалды

Қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған баланы Алматы облысының дәрігерлері аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz. Бір жасар балаға ота жасалып, дәрігерлер қолындағы барлық тамырларын жалғап, оны қалпына келтірді. Қазір бүлдіршін интенсивті терапия бөлімінде жатыр. «Талғар аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр оң қол жарақатын алған бір жарым жасар бала түсті. Ол оң қолын жұмыс істеп тұрған электр ет тартқышқа турап алған. Операция Талғар аудандық орталық ауруханасының білікті дәрігерлері мен операциялық қызметкерлері жасады. Қазір науқас бүлдіршін интенсивті терапия бөліміндегі палатада жатыр. Оның жағдайын реаниматолог дәрігерлер бақылауда» - делінген Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.