WhatsApp желісіне жаңа функция қосылады

WhatsApp желісіне жаңа функция қосылады

WhatsApp желісіне жаңа функция қосылады
ашық дереккөзі
WhatsApp-та жіберілген хабарламаны редакциялауға мүмкіндік беретін функция әзірленіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz WABetaInfo порталына сілтеме жасап.
«WhatsApp мәтін хабарламаларды түзетуге мүмкіндік беретін жаңа функция дайындауда. Бірақ функция хабарламаны редакциялау тарихын көрсетпейді, яғни жазған хаттың бұған дейінгі нұсқаларын көру мүмкіндігі болмайды», - делінген порталдың хабарламасында.
Сондай-ақ мессенджер қолданушылары хабарламаны қашаннан бастап түзете алатыны белгісіз. Функция енді ғана әзірленіп жатқандықтан, бастапқыдағы кейбір жоспарлар өзгеруі мүмкін.