«Алматы – Милан» әуе рейсі ашылады

«Алматы – Милан» әуе рейсі ашылады

«Алматы – Милан» әуе рейсі ашылады
ашық дереккөзі
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Рим қаласында Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Майомен кездесуінде аптасына 2 рет қатынайтын «Алматы – Милан» әуе рейсін орындау маңыздылығын атап өтті деп хабарлады turkystan.kz.
«Италия - Қазақстанның Еуропадағы басты сауда серіктестерінің бірі. Біз сіздің еліңізбен ынтымақтастыққа үлкен мән береміз. Дипломатиялық қатынастардың 30 жылы ішінде біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік», - деді М.Тілеуберді.
Өз кезегінде Министр Л. Ди Майо италиялық тарап өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуға мүдделі екеніне сендірді.
«Қазақстан - Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы жалғыз ел. Біз Орталық Азия өңіріндегі сенімді серіктесімізбен алдағы уақытта да өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз», - деп атап өтті итальяндық министр.
Іс-шара барысында «Алматы – Милан» бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілікпен тікелей әуе қатынасын ашудың маңыздылығы атап өтілді. Бұл екі елдің сауда-экономикалық байланысын дамытуға ықпал етеді деген үміт бар. Айта кетсек, Италия - Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2021 жылы Италиядан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 122,8 млн АҚШ долларға жетті. Елдер арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2021 жылы 9,6 млрд доллар (экспорт - 8,8 млрд және импорт - 0,8 млрд) төңірегінде.