Ағылшын пәні мұғалімдерінен ақша жинаған қызметкерлер жазаланды (ВИДЕО)

2 маусым, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Ағылшын пәні мұғалімдерінен ақша жинаған қызметкерлер жазаланды (ВИДЕО) Желіде Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының мұғалімдері чатындағы жанжал қызу талқыға түсті деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Чатта белгісіз әйел курсқа барлық мұғалім қатысуға міндетті екенін, тізімді тексеретінін, ақшаны қолма-қол алып келу керегін, 215 мұғалімнің 124-і ақылы жазылғанын айтады.
«Ешқандай банк картасымен емес, төлемді өздеріңмен бірге алып келіңдер. Қатыспайтындар директордың қолы қойылған түсіндірме хат әкеліңдер», - дейді әйел.
Алматы облысының Білім басқармасы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Басқарма мәліметінше, осы оқиғаға қатысты аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері жазаланған.
«1-4 маусым аралығында Еңбекшіқазақ ауданында екі күндік ақылы ағылшын тілі курстары өтті. Біз ақылы курстар мен семинарлар өткізуге қатаң тыйым саламыз. Аудандағы оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері тиісті жазаларын алды», ​​- деді басқарма өкілдері.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Иссык | Енбекшиказахский район (@kris_p_issyk)