Түркияның халықаралық атауы өзгерді

Түркияның халықаралық атауы өзгерді

Түркияның халықаралық атауы өзгерді
ашық дереккөзі
Түркияның халықаралық атауы өзгерді. Бұл туралы елдің СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу айтты деп хабарлады turkystan.kz adyrna.kz-ке сілтеме жасап. Түркия БҰҰ-ға елдің атын шет тілдерінде жазуды өзгерту туралы ресми өтініш берген. Дипломат бұл жаңашылдық Анкараның халықаралық аренадағы беделін арттыруға бағытталған қадамдары аясында қабылданғанын атап өтті.
«Президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығымен біздің мемлекеттің бренд беделін көтеру үшін басталған процесс аяқталуға жақын. Бүгін БҰҰ Бас хатшысының атына жолдаған хатым бойынша, еліміздің атын БҰҰ-да шет тілдерінде «Türkiye» деп тіркейміз»,– деді ол.