Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді
Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай ЭКСПО көрмесінің аумағында «Менің Елім» мерекелік концерті өтеді.
Шараны «AMANAT» партиясы ұйымдастырады.
Концерттің басталуы сағат 18.00-де.
Барлық келушілер үшін кіру тегін.
Сахнада елімізге әйгілі жұлдыздар: Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, V$XV Prince, Садраддин, 2RAR, AKHA өнер көрсетеді.
Сондай-ақ, көрермендерді AYREE, Аргоня, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова және тағы басқа әншілер өз өнерлерімен қуантады.