Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді
ашық дереккөзі
Елордада «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді деп хабарлады turkystan.kz. 3 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай ЭКСПО көрмесінің аумағында «Менің Елім» мерекелік концерті өтеді. Шараны «AMANAT» партиясы ұйымдастырады. Концерттің басталуы сағат 18.00-де. Барлық келушілер үшін кіру тегін. Сахнада елімізге әйгілі жұлдыздар: Роза Рымбаева, Ұлықпан Жолдасов, «Жігіттер» тобы, Айқын, Raim, Қуандық Рақым, V$XV Prince, Садраддин, 2RAR, AKHA өнер көрсетеді. Сондай-ақ, көрермендерді AYREE, Аргоня, Мансұр және Қобыланды, «Алашұлы» тобы, Дана Кентай, Фарида Жолдасова, Зарина Омарова және тағы басқа әншілер өз өнерлерімен қуантады.