Shiza музыкалық фестивальден шеттетілді

Shiza музыкалық фестивальден шеттетілді

Shiza музыкалық фестивальден шеттетілді
ашық дереккөзі
Алматыда өткен концертте Shiza лақап атымен танылған әнші Асхат Жолшиев мемлекеттік Туды қорлап, көпшіліктің ашуын тудырған еді. Осыған байланысты ол  11 маусымда өтетін музыкалық фестивальден шеттетілді деп хабарлады turkystan.kz. Фестиваль ұйымдастырушылары осылай шешкен.
«Соңғы оқиғаға байланысты Shiza Beu fest шарасына қатыстырылмайды. Әрине, біз отандық музыканттарды әрқашан қолдаймыз. Дегенмен назар аудармай кетуге болмайтын жайттар да бар», – деді фестиваль ұйымдастырушылары.