Қазақстанда балалар көп уақытын қайда өткізеді?

Қазақстанда балалар көп уақытын қайда өткізеді?

Қазақстанда балалар көп уақытын қайда өткізеді?
ашық дереккөзі
Елімізде балалар уақытының көп бөлігін YouTube, WhatsApp және TikTok желілерінде өткізеді деп хабарлады turkystan.kz. 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда балалар арасындағы ең танымал қосымша YouTube болды. Оның үлесіне жылдың алғашқы үш айында ең танымал он қосымшада өткізген уақытының үштен бірі (30%) тиесілі. Үштікке сонымен бірге WhatsApp (18%) және TikTok (17%) енді. Енді ата-аналар YouTube видеохостингіне арналған жаңа қызмет түрі арқылы ересектер мен балалардың қандай бейне көргенін бақылай алады.
«Технологияның пайдалы қызметтері балалардың мүддесін жақсы түсініп, оларды қауіпті ақпараттан қорғауға көмектеседі. Алайда техникалық мүмкіндіктерді қолданған кезде жеке шекара туралы ұмытпауымыз керек. Өйткені, бала – бұл кішкентай тұлға», – деді Kaspersky компаниясының Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.