Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа енді
ашық дереккөзі
Әйелдер ұлттық құрамасы жаңартылған Билли Джин Кинг кубогінің рейтингінде 16-орыннан 9-орынға көтерілді деп хабарлады turkystan.kz Қазақстандық қыздар сәуір айында Германия теннисшілерін 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. Қазақстан құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша елдерінің командаларын басып озды. Әлемдік рейтингіде Австралия құрамасы көш басында тұр. Billie Jean King Cup-тің ондығы:
  1. Австралия - 1 002,71;
2. Франция - 885,6;
  1. Испания - 884,62;
4. Чехия - 842,92;
  1. Швейцария - 881,81;
  2. Канада - 780,09;
  3. АҚШ - 758,09;
  4. Словакия - 744,23;
  5. Қазақстан - 704,75;
10 .Германия - 702,52. Еске салсақ, осыған дейін теннисші Жібек Құламбаеваның Италиядағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.