Алматыда қандай арзан үйірмелер ашылуы мүмкін?

Алматыда қандай арзан үйірмелер ашылуы мүмкін?

Алматыда қандай арзан үйірмелер ашылуы мүмкін?
ашық дереккөзі
Алматы қаласы әкімдігі «Алматы қаласының мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту кәсіпорындары көрсететін қызметтерге баға белгілеу туралы» қаулы әзірледі деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап. Құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды. Қалада айына сегіз сабаққа қатысу құны 3 000 теңге болатын үйірмелер мен секциялар:
  • оқыту тілдері бойынша үйірмелер: қазақ, орыс, ағылшын, ұйғыр, кәріс;
  • шығармашылықты дамыту үйірмелері: актерлік шеберлік, театр студиясы, шешендік өнер, музыкалық аспаптар, вокал;
  • хореография;
  • шебер қаламдар: бейнелеу өнері, қағаз, табиғи материалдар, пластилин, мата, жүнмен жұмыс;
  • логика мен ойлауды дамытуға арналған үйірмелер: ментальді арифметика, логика, шахмат, дойбы, робототехника негіздері;
  • ұлттық ойындар үйірмесі: асық терапиясы, тоғыз құмалақ;
  • спелеотерапия: тұзды шахта;
  • спорттық секциялар: каратэ, айкидо, таэквондо, бокс, баскетбол, футбол, көркем гимнастика;
  • робототехника.
Логомассаж бен логопед қызметі – 4 мың теңге. Қаулы жарияланғанына 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.