Жаңалықтар

30 жыл: «Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

ашық дереккөзі

30 жыл: «Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығына қарсаңында «Мемлекеттіліктің рәміздері» халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция өскелең ұрпақтың еліміздің мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауын нығайтуды көздейді. «Кез келген ел үшін мемлекеттік рәміздер тәуелсіздікті айқындайтын атрибут қана емес, бұл терең әлеуметтік-мәдени және саяси түсініктер жүйесі. Олар тарихқа негізделіп, ұлттық жадты сақтап отырады. Мемлекеттік рәміздер – ел келбетінің құрамдас бөлігі, азаматтар патриотизмінің көрінісі, бүкіл қоғамды біріктіретін факторы, кез келген ұлт пен мемлекеттің болмысын қалыптастырудың құрамдас бөлігі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жаңа Қазақстанды құруда мемлекеттік рәміздердің бейнелік мазмұнын қайта қарау қажеттілігі өзекті болып отыр. Конференция барысында қоғамның әлеуметтік-мәдени қатынасының негізі ретіндегі саяси рәміздердің рөліне қатысты мәселелердің кең ауқымын талқылау күтілуде: жаһандану дәуіріндегі мемлекеттік идеология мен ұлттық идеяның маңызы; өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және т.б.», – деп Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат іс-шараны ашты.