Қазақстанда дрон ұшырудың тәртібі бекітілді

Қазақстанда дрон ұшырудың тәртібі бекітілді

Қазақстанда дрон ұшырудың тәртібі бекітілді
ашық дереккөзі
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын» әзірледі деп хабарлады turkystan.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Соңғы уақытта әлемде ұшқышсыз авиация нарығы қарқынды дамуда. Кейбір жағдайларда пилотсыз ұшу аппараттары қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан әуе кемелерінің ұшуы кезінде бірқатар қолайсыздық тудыруда. Бұл өз кезегінде оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін. Осыған орай, еліміздің әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігі саласындағы техникалық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыратын ИИДМ азаматтық авиация комитетінің «Қазақстанның авициялық әкімшілігі» «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын» әзірледі», – делінген хабарламада.
 дрон Ұшуға тыйым салынған, қауіпті және ұшуға шектеу қойылған аймақтар:
  • ұшу және қону уақытында кез келген адам (ПҰА басқаратын адамды қоспағанда), көлік құралы, ғимарат немесе құрылыстан көлденеңнен 50 метрден жақын пайдаланылмауы тиіс;
  • барлық жағдайда адам көп жиналатын жерден және көлік құралдарынан көлденеңнен 150 метр жақын пайдаланылмауы тиіс;
  • ұшу кезінде кез келген адам (ПҰА басқаратын адамды қоспағанда), көлік құралы, ғимарат немесе құрылыстан көлденеңнен 100 метрден жақын пайдаланылмауы тиіс.
 width= "Ашық" санатындағы ұшулар келесі ережелер сақталған кезде рұқсат алуды талап етпейді:
  • ұшу биіктігі 50 метрден аспайды;
  • ұшулар қалалар мен кенттердің халық тығыз орналасқан аудандарынан тыс орындалады;
  • әуежайға 5,5 км жақын емес;
  • жүк пен материал тасымайды.
Осы ережелерді бұзған азаматтар 10 АЕК-тен бастап айыппұл төлейді.  width= Айыппұлдарға әкеп соғады:
  • қызметті ұшу жоспарын ұсынбай және (немесе) ұшуға рұқсатсыз және (немесе) әуе кемелерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметті жүзеге асырса;
  • тыйым салынған аймақ пен шектеу аймағы аумағының үстінен Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің рұқсатынсыз әуе кемесінің ұшып өтуі.
  • азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмайтын ПҰА басқармасы;
  • азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепте тұрмаған ПҰА-тарын ұшуға жіберу.
Ал рұқсат алу тәртібі келесі суреттерде көрсетілген:  width=  width=  width=