Қазақстанда дрон ұшырудың тәртібі бекітілді

1 маусым, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Қазақстанда дрон ұшырудың тәртібі бекітілді Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын» әзірледі деп хабарлады turkystan.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
«Соңғы уақытта әлемде ұшқышсыз авиация нарығы қарқынды дамуда. Кейбір жағдайларда пилотсыз ұшу аппараттары қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан әуе кемелерінің ұшуы кезінде бірқатар қолайсыздық тудыруда. Бұл өз кезегінде оқыс оқиғаларға әкеп соғуы мүмкін. Осыған орай, еліміздің әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігі саласындағы техникалық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыратын ИИДМ азаматтық авиация комитетінің «Қазақстанның авициялық әкімшілігі» «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларын» әзірледі», – делінген хабарламада.
Ұшуға тыйым салынған, қауіпті және ұшуға шектеу қойылған аймақтар: "Ашық" санатындағы ұшулар келесі ережелер сақталған кезде рұқсат алуды талап етпейді: Осы ережелерді бұзған азаматтар 10 АЕК-тен бастап айыппұл төлейді. Айыппұлдарға әкеп соғады: Ал рұқсат алу тәртібі келесі суреттерде көрсетілген: