«Академиктер әділ сайлануы керек» - Мемлекет басшысы

«Академиктер әділ сайлануы керек» - Мемлекет басшысы

«Академиктер әділ сайлануы керек» - Мемлекет басшысы
ашық дереккөзі
Бұл жайлы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Ұлттық ғылым академиясы қазір ғылым туралы ұлттық баяндама әзірлеумен ғана шектеліп отыр. Сондай-ақ, салалық журналдар шығарады. Бар болғаны – осы», - деді Мемлекет басшысы.
Президентің айтуынша, шын мәнінде академияның әлеуеті және мүмкіндігі әлдеқайда зор.
«Бүгінгі ахуалына қарап, Академияның болашағы бұлыңғыр деп санайтындар, өкінішке қарай, аз емес. Тіпті, академиктердің өздері де оған күмәнмен қарайды. Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, мұндай құрылымдар екі түрлі үлгіде болады. Оларға мемлекеттік мәртебе беріледі немесе тәуелсіз коммерциялық емес ұйым ретінде жұмыс жүргізеді. Біз түрлі жағдайға байланысты бір кезде өзгеше жолды таңдауға мәжбүр болдық. Ұлттық ғылым академиясы көптеген қоғамдық ұйымның қатарына қосылып кетті. Салдары қандай болғанын қазір көріп отырмыз. Дегенмен, оның кадрлық және институттық әлеуеті әлі де жоғары», - деді Президент.
Сондай-ақ ол академиктер барынша ашық әрі әділ сайлануы қажет екеніне тоқталды.
«Жұрт ұйымға мүше болу рәсімдерін және оған үміткерлерді толығымен біліп отыруға тиіс. Ғылыми қызметпен тікелей айналысатын академиктерге өмір бойы ай сайын стипендия беру мәселесі шешіледі. Мұның бәрі Академияның жұмысына тың серпін беріп, беделін арттырады. Сондай-ақ, еліміздегі ғылым саласының тұрақты дамуына жол ашады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.