Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы қайта ашылуы мүмкін

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы қайта ашылуы мүмкін

Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы қайта ашылуы мүмкін
ашық дереккөзі
Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессия барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми зерттеулер мен технологиялық жобалар өз саласының қажетін өтеуі керектігіне тоқталды деп хабарлады turkystan.kz.
«2013 жылы мұнай-газ өндіру саласында кешенді жұмыс атқарылды. Оны ғылыми-технологиялық жағынан дамытудың жол картасы жасалды. Мұндай жұмыс барлық салада жүргізілуге тиіс. Мысалы, Оңтүстік Корея мен Жапонияда осы жұмысты арнаулы институттар атқарады. Олар ғылымды және технологияларды жоспарлаумен, бағалаумен айналысады, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды», - деді Мемлекет басшысы.
Президент Қазақстанға да тың зерттеулер жүргізіп, технологияны дамыту ісін үйлестіретін орталық қажеттігін тілге тиек етті.
«Сондықтан, бұрынғы Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығын қайта ашу керек деп санаймын. Ғылыми қызметті тиімді басқару және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу – маңыздың міндеттің бірі. Сол себепті, осы саладағы барлық үдерісті тезірек цифрландыру керек. IT саласындағы соңғы жетістіктерді пайдаланып, Қазақстан ғылымының бірыңғай экожүйесін қалыптастыруға тиіспіз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.