Жаңалықтар

ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстандағы саяси реформалардың ауқымы зор екенін айтты

ашық дереккөзі

ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстандағы саяси реформалардың ауқымы зор екенін айтты

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановпен кездесуінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Польша Республикасының Сыртқы істер министрі мәлімдеді. Збигнев Рау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформаларын іске асыру нәтижесінде Парламенттің рөлі күшейетінін атап өтті. «Қазақстанды ауқымды саяси реформаларды жүзеге асыруда біздің Ұйым мен ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің барлық ресурсы пен тәжірибесін толық пайдалануға шақырғымыз келеді», – деді ЕҚЫҰ төрағасы. Збигнев Рау Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның қайта сайланған төрағсы ретінде өңірмен танысуға арналған сапары аясында арнайы келді. Сонымен қатар оның Өзбекстан мен Монғолияға да сапары жоспарлануда.