Жаңалықтар

Балалар күні: Нұр-Сұлтанда «Balapan әлемі» атты Open Air фестивалі өтті

ашық дереккөзі

Балалар күні: Нұр-Сұлтанда «Balapan әлемі» атты Open Air фестивалі өтті

 Бүгін «Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» аясында республикалық «Balapan әлемі» атты Open Air фестиваль өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Мерекелік шара Нұр-Сұлтан қаласында Есіл жағасындағы амфитеатрда өтті. Концерттік бағдарламада Гүлнұр Оразымбетова, Ұшқын Жамалбек, Нұрлан Әлімжандар әннен шашу шашса, Роза Әлқожа қызы Ясина Айдынқызы және Жігер Ауыпбаев шәкірті Айдос Кәденмен дуэт құрды.  Сондай-ақ, фестивальдедомбыраның құлағында ойнайтын 100 баладан құралған құрама оркестр халық композиторларының күйлерін орындап, би ансамбльдері флешмоб биледі. Балалар арнасынан түлеп ұшқан, бүгінде үлкен сахнада жүрген танымал өнерпаздар қонақ ретінде келіп, құттықтауларын арнады.