Балалар күні: Нұр-Сұлтанда «Balapan әлемі» атты Open Air фестивалі өтті

Балалар күні: Нұр-Сұлтанда «Balapan әлемі» атты Open Air фестивалі өтті

Балалар күні: Нұр-Сұлтанда «Balapan әлемі» атты Open Air фестивалі өтті
ашық дереккөзі
 Бүгін «Balapan» телеарнасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігімен бірлесіп, «Балалар жылы» аясында республикалық «Balapan әлемі» атты Open Air фестиваль өткізді деп хабарлады turkystan.kz. Мерекелік шара Нұр-Сұлтан қаласында Есіл жағасындағы амфитеатрда өтті. Концерттік бағдарламада Гүлнұр Оразымбетова, Ұшқын Жамалбек, Нұрлан Әлімжандар әннен шашу шашса, Роза Әлқожа қызы Ясина Айдынқызы және Жігер Ауыпбаев шәкірті Айдос Кәденмен дуэт құрды.  Сондай-ақ, фестивальдедомбыраның құлағында ойнайтын 100 баладан құралған құрама оркестр халық композиторларының күйлерін орындап, би ансамбльдері флешмоб биледі. Балалар арнасынан түлеп ұшқан, бүгінде үлкен сахнада жүрген танымал өнерпаздар қонақ ретінде келіп, құттықтауларын арнады.  width=

Балаларды мерекемен құттықтап Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров арнайы келді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгілегені мәлім. Президент бұл жылды өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына жан-жақты қолдау білдіріп, оларға сапалы білім мен медициналық көмек көрсету аясында мемлекет тарапынан нақты іс-шаралар жасалуын баса айтты. Осы ретте, концерттік бағдарламамен қатар, балалар үшін мағыналы іс-шаралар өткізіп отырған «BALAPAN ӘЛЕМІ» балалар фестиваліне қош келдіңіздер деймін», - деді министр.

 width=  width= Бұдан бөлек, министр «Балалар жылы» аясында атқарылған іс-шараларды айтып,«Balapan» телеарнасының эфирден тыс жасапжүрген жобаларына тоқталды.
 «Контент жасаудан бөлек, балалар арнасы 2021 жылы әлеуметтік маңызды «Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебін» ашты. Жоба ерекше балаларға анимацияны оқытып, олардың қоғамның белсенді мүшесі болуына жол ашады. Бұған қоса, биыл телеарна заманауи балалар әндеріне байқау жариялады. Оның жеңімпаздары да алдағы күндері жарияланбақ. Бес жеңімпазға корпорация тегін клип түсіріп, телеарналардан көрсетеді», - деді Омаров.
Сондай-ақ, мерекелік шараға келген балалар Есіл жағасында арқан тартыс, тоғыз құмалақ, күш сынасу, асық ату, қазақша күрес сынды спорт түрлерінен сайысқа түсті. Оған кәсіби спортшылар мен жаттықтырушылар төрелік етіп, мықтыларды анықтады. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар берілді. «Балалар жылы» шеңберінде ұйымдастырылған фестивальге панкратионнан әлем чемпионы Сәбит Жүсіп, джиу-джитсудан Азия және Еуропа чемпионы Галина Дуванова мен шорт-трек бойынша Қазақстан құрама командасының мүшесі Абзал Ажғалиев келіп, балаларды мерекемен құттықтады. Аталған фестиваль «Balapan» телеарнасының «Балалар жылы» шеңберінде ұйымдастырған алғашқы шара емес. Балалардың сүйікті арнасы биыл бұдан бөлек «Самға, Balapan» және «Balapan көктемі» атты концерттер ұйымдастырды. Көгілдір экраннан кішкентай көрермендеріне дайындаған базарлықтары да мол. Жаңа телевизия маусымында балаларды отаншылдыққа, бауырмалдыққа, білім мен ғылымға баулитын көптеген мультхикаялар мен телебағдарламалар ұсынады.  width=