Балабақшада кәмелетке толмаған қызды зорлаған тәрбиеші сотталды
Балабақшада кәмелетке толмаған қызды зорлаған тәрбиеші сотталды
Қостанайда кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен балалар үйінің тәрбиешісі 23 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz
Қостанай облысы қылмыстық істер бойынша мамандандарылыған ауданаралық сотында Рудныйдағы балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты үкім шықты. Сот материалына сәйкес, 44 жастағы ер адам кәмелетке толмаған тәрбиеленушіні зорлаған. Іс сотқа Қылмыстық кодекстің 120 (Зорлау) және 121-баптары (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша берілді.
Сот шешіміне сәйкес, жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді және өмір бойына педагогикалық қызметпен шұғылдану құқығынан айырылды.