Биыл қанша бала лагерге барады?

Биыл қанша бала лагерге барады?

Биыл қанша бала лагерге барады?
ашық дереккөзі
Биыл жазғы уақытта 3,3 млн оқушы жазғы демалыс лагерімен қамтылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Мамыр айында балалар лагерлерінің студенттік педагогикалық жасақтарының қатысуымен «Балалық шақ навигаторлары» республикалық слеті өткізілді. Жергілікті әкімдіктер демалыс лагерлерін, мектеп жанындағы алаңдардың, жазғы мектептердің жағдайын қарастырып, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Осыған дейін екі жыл карантиндік шектеулермен демалыс ұйымдастыру толық іске асырылмаған болатын. Ал биыл жазғы уақытта 3,3 млн оқушыны қамтуды жоспарлап отырмыз. Көрсеткіш 31 пайызға артады», - деді Шолпан Каринова.