Алматыда жалдамалы пәтерлердің бағасы шарықтап тұр

Алматыда жалдамалы пәтерлердің бағасы шарықтап тұр

Алматыда жалдамалы пәтерлердің бағасы шарықтап тұр
ашық дереккөзі
Алматыда 2021 жылдың қыркүйегінен бастап тұрғын үйді жалға алу мөлшерлемесі 50%-ға өсті деп хабарлады turkystan.kz. Риэлторлық агенттіктердің мәліметінше, соңғы жылы жалға алуға сұраныс өскен, тиісінше, бұл бағаның өсуіне де әкелді.
«Алматының бір Әуезов ауданында 2021 жылдың қыркүйегінен бастап 2022 жылдың маусымына дейін ауданы 35-45 ш.м бір бөлмелі пәтерлер 130 мыңнан 170 мың теңгеге дейін жалға беріледі. Күзге жақын, жаңа оқу жылының басынан бастап бағалар қайтадан өсуі мүмкін», - деді жылжымайтын мүлік агенттігінің риэлторы Ерлан Дүйсенқұлов.
Алматыда тұрғын үйге сұраныс жоғары болып тұр. Негізінен, мегаполистегі риэлтордың қызметіне қаланы білмейтін немесе нашар білетін сырттан келетін азаматтар жүгінеді.
«Соңғы айларда туристер мен басқа елдерден келген азаматтардың көбеюімен тұрғын үй құны 250 мың теңгеге дейін өсті. Мысалы, бір күнде маған басқа елдерден келген бес адам қоңырау шалады. Өткен апта ішінде мен Ресей, Украина және Беларусь азаматтарына пәтер тапсырдым. Олардың көпшілігі пәтерді үш айдан алты айға дейін жалға алу туралы келісімшарт жасады», - деді риэлтор.