Теннис: Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннис: Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Теннис: Жібек Құламбаева Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
ашық дереккөзі
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева ITF W60 сериясы бойынша Италияның Брешия қаласында өтіп жатқан турнирдің жұптық сынында ширек финалға шықты деп хабарлады turkystan.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жібек латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жүлде қоры 60 мың АҚШ долларына бағаланған жарыста италиялық Мелани Делай мен Ангелика Раггиді бір сағатта 6:1, 6:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық-латвиялық жұп жартылай финалға шығу үшін доданың екінші ракеткалары, тайбэйлік Ю Чен Хсиех пен швейцариялық Ксения Кнолмен кездеседі.

Ж.Құламбаева жекелей сында іріктеу сайыстарының финалында италиялық Аврора Зандеччиге жол берді. Есеп - 3:6, 2:6.

Ерлер арасында Денис Евсеев Литтл-Рокта (АҚШ) өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына өте алмады. Ол аустралиялық Ринки Хиджикатеден ұтылып қалды. Есеп - 7:6 (7:3), 4:6, 3:6.

Италияның Форле челленджер жарысында Тимофей Скатов алғашқы айналымда әлемнің 66-ракеткасы, корт иесі Лоренцо Музеттимен тайталасып, жеңілді. Таблодағы сан - 4:6, 7:5, 1:6.