Бәстесемін деп көлігінен айырылды

Бәстесемін деп көлігінен айырылды

Бәстесемін деп көлігінен айырылды
ашық дереккөзі
Отандық танымал блогерлер Нұрдәулет Бектұрсын мен Jasik JJJ көліктерін бәске тіккен. Нұрдәулет Бектұрсынның көлігі 90 миллион теңгеге, ал қарсыласының темір тұлпары 60 миллион теңгеге бағаланған деп  хабарлады turkystan.kz. Бәс тігу үш кезеңнен тұрған. Алдымен екі блогер 400 метр қашықтыққа жарысып, мықтыны анықтаған. Ол - Нұрдәулет Бектұрсын. Бірақ екінші кезең екі қатысушыға да қиынға түскен. Олар Алматыдан Таразға баруы керек болған. Осылайша,  2,5 сағатқа жуық уақытта мәреге келген Jasik JJJ лақап атымен танымал блогердің пайдасына шешілген. Ал, бәстің үшінші кезеңінде блогерлер таңдаған екі адам, рингте күш сынасқан. Нәтижесінде 2:0 есебімен елордалық блогер Jasik JJJ жеңген. Осылайша бәс тігу шарты бойынша Бектұрсынға тиесілі құны 90 миллион теңге болатын Mercedes көлігінің жаңа иесі атанды.