Спорт маманы Жалғас Жұмағұловтың нокаутпен жеңілетінін айтты

Спорт маманы Жалғас Жұмағұловтың нокаутпен жеңілетінін айтты

Спорт маманы Жалғас Жұмағұловтың нокаутпен жеңілетінін айтты
ашық дереккөзі
MMA Sport порталының тілшісі Бен Смит қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (14-6) UFC-дегі кезекті айқасы туралы ойын айтты деп хабарлады Turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.  Ол америкалық жекпе-жек шебері Джефф Молинаның (10-2) бұл кездесуде фаворит екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ Бен Смит Молинаның қазақстандық қарсыласын нокаутпен жеңетінін болжады. Қос файтер арасындағы жекпе-жек Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. «Мен Молинаның жеңісіне сенемін. Ол - үздік файтер. Ал Жұмағұловтың тек партерде мықты екенін білемін. Бірақ соққысы қарсыласына қарағанда әлсіз. Менің ойымша, жекпе-жек соңына дейін болмайды. Жұмағұлов нокаутпен жеңіледі», - деді Смит. Айта кетейік, 33 жастағы Жұмағұлов UFC ұйымында төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана жеңіске жеткен. 24 жастағы Молина болса екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңген.