Ақтауда жылу электр орталығынан өрт шықты

Ақтауда жылу электр орталығынан өрт шықты

Ақтауда жылу электр орталығынан өрт шықты
ашық дереккөзі
Ақтауда сейсенбі, 31 мамыр кешке "МАЭК-КазАтомПром" ЖШС жылу электр орталығы аумағынан өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға туралы ақпарат 31 мамыр күні кешкі сағат 21:42 шамасында түскен. «Кәсіпорын қызметкерлеріне ешқандай қауіп жоқ. Зардап шеккендер де жоқ. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді энергия комбинатының мамандары. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 15 қызметкері мен 6 техникасы, кәсіпорынның өзінен — 4 адам, полициядан тағы 4 қызметкер жұмылдырылған.