Ақтауда жылу электр орталығынан өрт шықты
Ақтауда жылу электр орталығынан өрт шықты
Ақтауда сейсенбі, 31 мамыр кешке "МАЭК-КазАтомПром" ЖШС жылу электр орталығы аумағынан өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға туралы ақпарат 31 мамыр күні кешкі сағат 21:42 шамасында түскен.
«Кәсіпорын қызметкерлеріне ешқандай қауіп жоқ. Зардап шеккендер де жоқ. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді энергия комбинатының мамандары.
Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД 15 қызметкері мен 6 техникасы, кәсіпорынның өзінен — 4 адам, полициядан тағы 4 қызметкер жұмылдырылған.