Ақтөбе тұрғынына мәжбүрлеп несие алдырған күдікті ұсталды
Ақтөбе тұрғынына мәжбүрлеп несие алдырған күдікті ұсталды
19 жастағы жігіт Ақтөбе полициясына арыз жазып, белгісіз біреу көшеде несиеге телефон алуға мәжбүрлегенін мәлімдеген деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккен жігіттің сөзінше, 24 сәуірде Қонаев көшесіндегі сауда үйінің маңында белгісіз біреу күш көрсеткенін айтып, 350 000 теңгелік смартфонды несиеге алуға мәжбүрлеген.
Полиция 21 жастағы күдіктіні ұстады. Анықталғандай, ол бұған дейін де қылмыстық жауапқа тартылған.
«Қазір полиция Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі «Қорқытып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған бапта мүлкін тәркілей отырып жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.