Президент бір топ ғылыми қызметкерді мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан және ғылыми қызметке айрықша еңбек сіңірген бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Жарлықтың толық мәтінін ұсынамыз
* * *
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі және ғылыми қызметке сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:
I дәрежелі «Барыс» орденімен
| Жұрынов Мұрат |
– |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті; |
IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен
| Әбділдин Жабайхан |
– |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі |
| Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы |
– |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі |
| Кішібеков Досмұхамед |
– |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі; |
«Парасат» орденімен
| Байкөншеков Жұмаділ Жанабайұлы |
– |
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Орталығының директоры |
| Блиев Назарбай |
– |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі |
| Жәрменов Әбдірасул Алдашұлы |
– |
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өндеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК бас директоры |
| Күрскеев Әбдірахман Козлоевич |
– |
Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК бас ғылыми қызметкері |
| Пак Иван Тимофеевич |
– |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ шетелдік мүшесі |
| Сманов Бақтияр Өрісбайұлы |
– |
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті» КеАҚ профессоры |
| Таймағамбетов Жәкен Қожахметұлы |
– |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ академигі; |
«Құрмет» орденімен
| Әбсадықов Бахыт Нәрікбайұлы |
– |
«А. Бектұров атындағы химия ғылымдары институты» АҚ бас ғылыми хатшысы |
| Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы |
– |
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ Биология және биотехнология проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры |
| Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы |
– |
«Академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КеАҚ ректоры |
| Косов Владимир Николаевич |
– |
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі |
| Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы |
– |
Білім және ғылым министрлігінің «Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» РМК директоры |
| Медеу Ахметқал |
– |
«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ басқарма төрағасы |
| Өмірбаев Уалбай Утмаханбетұлы |
– |
«Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ профессоры |
| Раманқұлов Ерлан Мирхайдарұлы |
– |
Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық биотехнология орталығы» РМК бас директоры |
| Рахимов Қайролла Дүйсенбайұлы |
– |
«С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ кафедра меңгерушісі |
| Төлешов Амандық Қуатұлы |
– |
Білім және ғылым министрлігінің «Академик Ө. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты» РМК бас директоры; |
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
| Дәулетов Асқар Ербұланұлы |
– |
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ деканы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 31 мамыр
№ 904