Жаңалықтар

Қырғыз Республикасы қантты экспорттауға тыйым салды

ашық дереккөзі

Қырғыз Республикасы қантты экспорттауға тыйым салды

Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті елден түйіршіктелген қант пен шикі құрақ қантын 6 ай мерзімге экспорттауға уақытша тыйым салды деп хабарлады turkystan.kz 24.kg-ке сілтеме жасап. Қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай экспорттау мүмкіндігін болдырмау үшін әзірленді. Мұндай шешім Министрлер кабинетінің кезекті отырысында қабылданды. Сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны ұстау мақсатында әзірленген. Бұған дейін тыйым салуға Ауыл шаруашылығы министрлігі бастамашы болған.