Депутаттар жітіқаралықтарды референдумға қатысуға шақырды

Депутаттар жітіқаралықтарды референдумға қатысуға шақырды

Депутаттар жітіқаралықтарды референдумға қатысуға шақырды
ашық дереккөзі
2022 жылғы 31 мамырда Қостанай облысы Жітіқара ауданына AMANAT партиясының Республикалық штабының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Самат Сағынбайұлы Ақышев, Әлия Сүйіндікқызы Сапарова, сондай-ақ республикалық партиялық штаб мүшесі Ағайсин Әділ Темірғалиұлы барды деп жазды turkystan.kz. Республикалық партиялық штаб мүшелері Конституциялық реформалар қабылданатын референдумды қолдау үшін белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте депутаттар алдағы саяси өзгерістерді талқылау бойынша қаладағы кәсіпорын өкілдерімен, «Қостанай минералдары» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Депутаттар Мәжілісмен Самат Ақышев өз сөзінде алдағы референдумның елдің саяси өміріндегі, жаңа Қазақстанды одан әрі құру жолындағы маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, егер азаматтар еліміздің бас құжатына енгізілетін өзгерістердің қабылдануын қолдаса, бұл өз кезегінде нақты саяси бәсекелестікке, халықтың ел басқару ісіне қатысуына жағдай туғызуда нақты жемісін береді. Әлия Сапарова алдағы референдум туралы өз пікірін білдіріп, аталған саяси оқиғаның тарихи маңыздылығына тоқталды. Алдағы референдумда әрбір азамат елдің саяси өміріне белсенді қатысып, өзінің сайлау құқығын барынша пайдалануға тиіс деген ойын білдірді. Партия штабының мүшесі Әділ Ағайсин кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында алдағы референдум мемлекетті демократиялық қайта құрудың тарихи кезеңі екенін баса айтты. Конституция үштен бір бөлігіне жаңартылып, 56 түзету енгізіледі деп жоспарланған. Мұндағы ең бастысы, шешім қабылдау процесіне ел тұрғындары тартылады. Іс-шара ашық форматта өтті. Жиынға қатысушылар депутаттарға өздерін толғандырған сауалдарын қойып, оларға дәлелді жауаптар алды. Соңында «Қостанай минералдары» АҚ қызметкерлері алдағы референдумды өткізуді қолдап, міндетті түрде өздерінің сайлау учаскелеріне келіп, таңдау жасайтынына сендірді.