Қайта карантин енгізуге дайын болу керек - ДДСҰ

Қайта карантин енгізуге дайын болу керек - ДДСҰ

Қайта карантин енгізуге дайын болу керек - ДДСҰ
ашық дереккөзі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебреисус мемлекеттерді халықтың кем дегенде 70%-ын коронавирусқа қарсы екпемен қамтамасыз етуге және карантинге қайта оралуға дайын болуға шақырды деп хабарлады turkystan.kz. ДДСҰ мәліметінше, қазір 70% көрсеткішке тек 57 мемлекет қол жеткізді, әлемде вакцинацияның орташа деңгейі - 60%.

«Барлық аймақтарда орналасқан 70-ке жуық елде COVID-19 жұқтыру жағдайлары туралы хабарламалар санының өсуі байқалды және бұл әлемде тестілеу күрт төмендеген кезде орын алады», - деді ДДҰ басшысы.
Гебреисус әлемде коронавирустың таралу жолы мен қарқынын болжау мүмкін емес екенін атап өтті. 100% вакцинациялануға тиіс ең осал топтар — медицина мамандары, 60 жастан асқан адамдар және денсаулық жағдайы нашар адамдар. 31 мамырда әлемде COVID-19 коронавирусын жұқтырудың 532 210 230 жағдайы тіркелді. Соңғы тәулікте жұқтырғандар саны 387 804 адамға өсті. Әлемде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны - 6 312 017 адам.