Қазақстан туы жайлы қызықты оқиға
Қазақстан туы жайлы қызықты оқиға
ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов 90-шы жылдардың басында Қытайдағы Қазақстан туына қатысты қызықты бір оқиғаны еске түсірді дейді inform.kz.
Оның айтуынша, бұрын тәжірибе қалыптаспағандықтан жағдай күрделі болған. Тәуелсіздік алған сәтте басқа да проблемалар арасында жаңа мемлекеттік сыртқы саясатын қалыптастыру, жүргізу өзекті еді. Өзінің Фейсбуктағы парақшасында ол бұрынғы достары айтқан Қытайдағы қызықты оқиғаны еске алды. «90-шы жылдардың басында Қытайдағы Қазақстанның елшісі болып Мұрат Әуезов тағайындалды. Елшілік ашу жұмыстары басталып кетті. Лайықты ғимарат тауып, көлік, қажетті заттар сатып алу керек болды. Елшіміз хаттама бойынша барлық нюанстарды сақтауды талап ететін алғашқы ресми шараға бармақшы болады. Сол кезде басты көлікке ту ілінбегені белгілі болды. Ал тәуелсіз мемлекетттің елшісі өз елінің туын ілмей, ресми кездесуге баруы ерсі жағдай. Сол кезде дипломаттар жол тауып кетті. Қыс кезі, күн суық болатын. Соған қарамастан, елшінің жанындағы елшілік қызметкерлерінің бірі көліктің алдыңғы орнына отырып, шағын көлемді көгілдір туды алып, терезе шығарып ұстап отырған. Осы оқиғаны қарап тұрған қытайлықтар бұған аң-таң болып еді», - деп жазды ол.
Жайнақов сағат 18.15-те «Хабар» арнасында «Ұлы дала дипломатиясы» деректі фильмі көрсетілетінін айтты. Онда Тұңғыш Президенттің басшылығымен Қазақстанның сыртқы саясаты қалай қалыптасқаны жайлы айтылады.