АҚШ-та құлпынайдан А гепатиті тарады

АҚШ-та құлпынайдан А гепатиті тарады

АҚШ-та құлпынайдан А гепатиті тарады
ашық дереккөзі
АҚШ пен Канадада вирус жұқтырған органикалық құлпынай А гепатитін өршітті. Жемістің бұл түрі аталған елдерде 5 наурыз бен 25 сәуір аралығында сатылған деп хабарлады turkystan.kz. АҚШ-тың азық-түлік пен дәрі-дәрмекті бақылау басқармасы вирус жұқтырған жемістердің «FreshKampo» сауда маркасымен бүкіл ел аумағында сатылғанын айтып отыр. Салдарынан «А» гепатитін жұқтырудың 17 фактісі тіркеліп, 12 адам ауруханаға түскен. Ал Канадада 10 жағдай тіркелді. Оның төртеуі Альбертеде, алтауы Саскачеванда анықталды. АҚШ-та тіркелген жағдайлардың кемінде 15-і Калифорния штатына тиесілі. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектің сапасын санитарлық қадағалу басқармасының мәліметі бойынша, вирус жұқтырған құлпынай Trader Joe's пен Walmart сияқты кемінде 9 сауда желісі арқылы сатылған. Канаданың Қоғамдық денсаулық сақтау агенттігі (PHAC) бұл жемістердің 5-9 наурыз аралығында сатылғанын мәлімдеп отыр. Қазір сатылымда жоқ.