Елордада балаларды қорғау күні қалай тойланады?

Елордада балаларды қорғау күні қалай тойланады?

Елордада балаларды қорғау күні қалай тойланады?
ашық дереккөзі
1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Астанада балалар мерекесіне орай 60-тан астам іс-шара өтеді, оның ішінде көрмелер, шығармашылық фестивальдер, спорттық жарыстар бар деп хабарлады turkystan.kz. 1 маусымда таңертең қаладағы ауруханалардың барлық акушерлік блоктарында жаңа туған нәрестелерге құрмет көрсетіледі. Мамандандырылған балалар үйінің тәрбиеленушілерін әкімдік, Балалар қорының өкілдері, қоғам қайраткерлері құттықтайды. Бұл күні қаланың барлық саябақтарында мерекелік кештер болады. «Жетісу» саябағында «Мен бақытты баламын» балалар шығармашылығы мен спорт фестивалі өтеді. Бағдарламада спорттық ойындар, квестер және флешмобтар, қолданбалы өнер және сурет салу бойынша шеберлік сабақтары болады. Сонымен қатар, ертең балаларға балмұздақты тегін таратады. Астаналық саябақта «Балалық шақ әлемі» атты іс-шара болады. Триатлон паркінде сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін батпырауық ұшырылады. «Балалық шақтың аспаны» іс-шарасына 250-ден астам бала қатысады деген болжам бар. Ал сағат 18:00-ден 19:00-ге дейін мұнда «Балаларға базарлық!» аниматорлық кеші болады. Президент саябағында сағат 10:00-ден 12: 00-ге дейін ойын-сауық бағдарламасында түрлі жарыстар ұйымдастырылады. «Жастар» саябағы қонақтарды таңертеңнен бастап «Алақай, балақай!» шарасына шақырады. Мұнда балаларға арналған интерактивті ойындар өтеді. «Көктал» саябағында Ашық есік күні, концерттік бағдарлама және ойын-сауық ойындары өтеді. DEMALYS PROMENADE аллеясында күні бойы концерттер, көрмелер және спорт фестивалі өтеді. Балалар мерекесіне орай Алматы ауданында онға жуық жаңа аула алаңдарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Паралимпиадалық жаттығу орталығында үстел теннисінен ашық турнир, каратэ-до және таэквондодан қалалық турнир өткізу жоспарланды.