Басқарма басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Басқарма басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Басқарма басшысының бұрынғы орынбасары сотталды
ашық дереккөзі
Бүгін Ақтау қалалық соты Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Бақтыбай Ізімтаевқа қатысты үкім шығарды деп хабарлады turkystan.kz.
«Ізімтаев субсидия беру кезінде жалпы қамқорлық жасағаны үшін күн панельдерін жеткізушілерден пара алу фактісі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 28 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада. Ол мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Сондай-ақ күн панельдерін жеткізушілер Шынболат Құмар, Жақсылық Аралбаев пара бергені үшін сотталып, әрқайсысына 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар сот «Байсырымов» ЖК иесін жалған құжаттарды ұсыну арқылы субсидия алу фактісі бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сотталғандардың қылмыстық іс-әрекеті салдарынан мемлекетке 6,9 миллион теңге көлемінде залал келген.