Жаңалықтар

«Астана кештерi» халықаралық өнер фестивалі әлемдік премьераны көрсетті

ашық дереккөзі

«Астана кештерi» халықаралық өнер фестивалі әлемдік премьераны көрсетті

«Астана кештерi» ХI халықаралық фестивалінің алғашқы концертінде Француз композиторы Пьер Тиллуа жазған қобыз бен скрипкаға арналған «Бақсы сиқыры» атты жаңа туындының премьерасы өтті. Әлемдік премьераны Франциядан келген қобызшы Айгерим Ерсаинова-Шустер мен скрипкашы Квентин Фогель орындады. Сондай-ақ бұл кеште белгілі қазақстандық және шетелдік өнер жұлдыздары француз композиторының фортепианолық және ансамбльдік туындыларын шырқады. Белгілі пианист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев, альт аспабында ойнаған Анна Серова (Италия), скрипкашы Шолпан Манкеева, виолончелист Мұрат Нарбеков  пен пианист Дина Мирманованың шеберлігі зор ықыласқа бөленді. Музыканттар Пьер Тиллуа шығармаларының әуені мен көркемдік алуан түрлілігі ерекше екендігін атап өтті.