Қазақстандық боксшылар АҚШ-та кездесу өткізеді

Қазақстандық боксшылар АҚШ-та кездесу өткізеді

Қазақстандық боксшылар АҚШ-та кездесу өткізеді
ашық дереккөзі
4 маусымда қазақстандық боксшылар Әбілхан Аманқұл, Абылайхан Жүсіпов, Бек Нұрмағанбет және Евгений Павлов АҚШ-тың Миннесота штатына қарасты Миннеаполис қаласында өнер көрсетеді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Боксшылар Tom Brown (TGB Promotions) ұйымдастыратын бокс кешінің андеркардында шаршы алаңға шығады. Ал осы кештің басты жекпе-жегі америкалық Стивен Фултон мен Даниэль Роман арасында өтеді. Олар екінші жеңіл салмақта WBC және WBO белбеуі үшін айқасады. Айта кетсек, Аманқұл - 2017 әлем чемпионатының, 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Жүсіпов болса, үш мәрте (2017, 2018, 2021) әлем чемпионатында қола жүлде иеленген. Нұрмағанбет 2019 жылы Азия чемпионы атанса, Павлов осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста өнер көрсеткен.