Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалды (ВИДЕО)

Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде пойыз 15 минутқа тоқтап қалды деп хабарлады turkystan.kz

«Метрополитен» КМК баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Пойыз техникалық себептерге байланысты Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат берілетін болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде», – деп хабарлады «Метрополитен» КМК баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 30 мамыр күні жаңа «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылған болатын.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от интернет-СМИ «kris_p_brothers» (@kris_p_brothers_official)

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button