Жаңалықтар

«Қазақстанмен достығымызды жоғары бағалаймыз» – Мишустин

ашық дереккөзі

«Қазақстанмен достығымызды жоғары бағалаймыз» – Мишустин

30 мамыр күні Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәскеуге жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. «Осы кезеңде сенімді әрі сындарлы диалог орнады. Көптеген өзара тиімді бағыттар бойынша серіктестік жоғары деңгейге көтерілді», - деді Әлихан Смайылов. Әлихан Смайылов екі ел Үкіметтері алдында өзара сауда мен инвестицияларды одан әрі арттыру міндеті тұрғанын айтты. «Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігі алдағы уақытта да барлық бағытта жоғары қарқынмен дамитынына сенімдімін», - деп түйіндеді Смайылов. Михаил Мишустин бүгінгі кездесу екі мемлекет Президенттерінің 16 мамырда Мәскеуде қол жеткізілген келісімдерін дамыту аясында өтіп жатқанын жеткізді. «Қазақстанмен достығымызды, тату көршілік қарым-қатынасымызды, одақтастығымызды жоғары бағалаймыз. Біз негізгі басым міндеттердің бірі ретінде Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін қарастырамыз», - деді Михаил Мишустин.