Ақжарқынның қандай жағдайда Қазақстанға қайтарылатыны айтылды

Ақжарқынның қандай жағдайда Қазақстанға қайтарылатыны айтылды

Ақжарқынның қандай жағдайда Қазақстанға қайтарылатыны айтылды
ашық дереккөзі
2014 жылы наурызда Гуанжоу әуежайында есірткімен ұсталған Ақжарқын Тұрлыбайдың Қазақстанға экстрадициялануы мүмкін екені айтылды деп хабарлады turkystan.kz.
«ҚХР Әділет министрлігінің 2021 жылғы 3 наурыздағы жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға ауыстырудан бас тартты. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгеніне байланысты осындай шешім қабылданғаны айтылған» деп хабарлады ведомство.
Қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook-тегі парақшасында Ақжарқынға белгілі бір жаза мерзімі белгіленсе, Қазақстанға оралуға мүмкіндігі бар екенін айтты.
«Бұл ақпарат БАҚ-та 2021 жылы жарияланды. Қазіргі уақытта өзектілігі жойылды. Бұдан бұрын Ақжарқын Тұрлыбайды Қытайдан Қазақстан юрисдикциясына жіберу алгоритмі хабарланды. 1. Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруды қайта қарау туралы шешім Отанына жіберуге тікелей ықпал етеді. 2. ҚР Бас прокуратурасына жіберу туралы өтінімхат жолдау. Өтінімхатты мен 2016 жылы сәуірде жібердім. 3. ҚР Бас прокуратурасы мен Сыртқы істер министрлігінің Қытай жағымен жіберуді орындау бойынша өзара іс-әрекеті» деп хабарлады ол.