Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты басты сот отырысы 14 маусымда өтеді деп хабарлады turkystan.kz облыстық соттың баспасөз қызметі. Осыған дейін Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жеткені хабарланды. Биыл 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.
«Осыған байланысты басты сот отырысын өткізу жөнінде шешім қабылданды. Басты сот отырысын 2022 жылғы 14 маусымда сағат 14:45-те өткізу тағайындалды», - делінген хабарламада.