Тістерін түсірген: ер адам ұлымен төбелескен баланы соққыға жыққан

Тістерін түсірген: ер адам ұлымен төбелескен баланы соққыға жыққан

Тістерін түсірген: ер адам ұлымен төбелескен баланы соққыға жыққан
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы қаласында ер адам 9 жастағы баланы аяусыз соққыға жығып, асфальтқа басын ұрғылаған деп хабарлады turkystan.kz. Әлеуметтік желіде тараған хабарламадан белгілі болғандай, 9 жастағы екі бала ауладағы балалар алаңқайында жанжалдасып қалады. Оны көрген балалардың бірінің әкесі екінші баланың жанына жетіп келіп, бас салып ұрып-соға бастаған.
«Ашуға булыққан 40 жастағы ер адам балаға жұдырық ала жүгірді. Ол аз дегендей, желкелей ұстап, баланың басын асфальтқа ұрғылады. Баланың көгермеген жері жоқ, соққыдан тістері түсіп, жағынан қан кетті, көзінің алдында үлкен ісік пайда болды. Ал оны соққыға жыққан әлгі адам сол күйі қамауға алынған жоқ», - делінген жазбада.
Жазба авторы кішкентай баланы қатыгездікпен ұрып-соққан ер адамның заң жүзінде барынша қатаң жазаға тартылып, зардап шеккен баланың емін толық төлеп беруін талап етеді.