Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтің ісі сотқа жетті

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтің ісі сотқа жетті

Бақытгүл Хаменова мен Ақылбек Рысқалиевтің ісі сотқа жетті
ашық дереккөзі
Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевтің ісі сотқа жетті деп хабарлады turkystan.kz.
«26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Атырау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Б. Хаменова мен А. Рысқалиевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы («Бір топ адамның алдын ала сөз байласу арқылы пара алуы») бойынша айып тағылуда», - делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетсек, 6 мамырда облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Хаменова өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазбағанын және ол әлі де Атырау облысы әкімдігі аппаратында есепте тұрғанын хабарлады. Еске салсақ, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанынан бері  Атырауда 145 миллион теңгеге Абай ескерткішін дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағаны үшін ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікпен тергеу изоляторында отыр. Ол 10 желтоқсанда  ұсталды. Жауап алынғаннан кейін оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Онымен бірге облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев те ұсталды. Ал 12 желтоқсанда Атырау қаласының мамандандырылған тергеу соты Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу туралы санкция берді.