Қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды

Қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды

Қазақстандық боксшылардың рейтингі жарияланды
ашық дереккөзі
Boxrec.com сайты үздік қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты, деп хабарлады Turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.  Сәуір айымен салыстырғанда, осы айда ТОП-10 айтарлықтай өзгерген жоқ. Үздік үш боксшының есімі өзгеріссіз қалды. Руслан Мәдиев алтыншы орынға көтерілсе, Данияр Елеусінов жетінші орынға түскен, Бекман Сойлыбаев оныншы орыннан сегізінші орынға көтерілсе, Әли Ахмедов сегізіншіден онға түсті. BoxRec нұсқасы бойынша үздік «ондыққа» кірген қазақстандық боксшылардың тізімі төмендегідей: 1. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) 2. Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) 3. Мейірім Нұрсұлтанов (16-0, 9 КО) 4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) 5. Қанат Ислам (28-1, 22 КО) 6. Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО) 7. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) 8. Бекман Сойлыбаев ( 13-1, 5 КО) 9. Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) 10. Әли Ахмедов (18-1, 14 КО)