Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
«Президент ертең, 1 маусымда Балаларды қорғау күніне арналған шараға және Ұлттық ғылым академиясында өтетін салтанатты жиынға қатысады» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ғылыми мекемені, оқу орындарын аралап көреді және жеке кездесулер өткізеді деп жоспарланған.