Қазақстандық футболшы Қытай чемпионатына ауысуы мүмкін

Қазақстандық футболшы Қытай чемпионатына ауысуы мүмкін

Қазақстандық футболшы Қытай чемпионатына ауысуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы мен польшалық «Висланың» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков қытайлық «Ухан» командасына ауысады деп хабарлады turkystan.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап. Футболшы мен польшалық клуб арасындағы келісімшарт аяқталуға жақын. «Висла» осы маусымнан кейін жоғары дивизионнан ұшып кеткен болатын. Жақын арада Жуков қытайлық команда сапына қосылатыны хабарланды. «Ухан» Семей тумасына келісімшарт ұсынған. Бұған дейін Жуков «Астана» мен «Қайрат», сондай-ақ голландиялық «Роде» мен ресейлік «Урал» сапында ойнаған.