Маймыл шешегін жұқтырған адам көз жұмды

Маймыл шешегін жұқтырған адам көз жұмды

Маймыл шешегін жұқтырған адам көз жұмды
ашық дереккөзі
Нигерияда маймыл шешегін жұқтырған пациент көз жұмды. Аталған ауру бойынша алғашқы өлім жағдайы тіркелді деп хабарлады turkystan.kz РИА Новостиге сілтеме жасап. Марқұм 40 жаста болған оның иммунды түсіретін дәрілер қабылдағаны белгілі болған.
«29 мамырдағы мәліметтерге сәйкес, 21 жағдай расталды. Қайтыс болған пациенттің өзге де сырқаты болған», - делінген сайттағы ақпаратта.
Маймыл шешегі – адамдар арасында да таралуы мүмкін сирек кездесетін вирусты инфекция. Бұл әдетте жеңіл ауру және көп адам бірнеше апта ішінде жазылып шығады. Бірақ кейбіреулерде ауру асқынуы мүмкін. Маймыл шешегінің алғашқы белгісі ретінде безгек, бас ауруы, бұлшықет ауруы, арқадағы ауырсыну, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау және жүдеуді айтуға болады. Көп жағдайда алдымен бетте пайда болып, кейіннен дененің басқа бөлігіне таралатын бөртпе туындауы ықтимал. Бөртпенің түрі өзгеріп, ол ақырында өздігінен түсетін қабыршаққа айналады.